Қостанайда қазақ тілін үйрететін клубтар ашыла бастады

Абылай МАУДАНОВ

Фото ұйымдастырушылар ұсынған

"СөйлеTime" жобасы биылғы наурыз айында қолға алынған, - деп хабарлайды ЭК.

Осы жоба бойынша ашылып жатқан клубтардың мақсаты — ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, халықтың қызығушылығын ояту. Себебі, өңірде мемлекеттік тіл мәселесі әлі өзекті.

"Клубтағы оқытудың форматы жаңаша. Мұнда баға қойылмайды. Үйретушілер қатарына тілдерді оқыту орталығы қызметкерлерінен бөлек өнер адамдары, кітапханашылар, тағы да басқа мамандық иелері тартылған. Клуб мүшелері айына 3 рет бас қосады. Дәрістер 16 бөлімнен тұрады. Тақырыпқа сай өтетін орын ауысып отырады. Мәселен, бұған дейін саябақта, театр, қуыршақтар театры, кітапхана, мәдениет үйі базаларында ұйымдастырылды", — дейді Қостанай облыстық "Тіл-дарын" оқыту орталығының басшысы Жұлдызай Ербатырова.

Фото ұйымдастырушылар ұсынғанФото ұйымдастырушылар ұсынған
Фото ұйымдастырушылар ұсынған

Қазір клуб Қостанай, Рудный қалалары мен Қарабалық, Меңдіқара аудандарында ашылды. Оларға жүзге тарта тіл үйренуші мүше болып қабылданған. Болашақта ауқымын кеңейте түсу жоспарда. Қостанай облысында бүгінде тілдерді оқытудың 20 орталығы жұмыс істейді. Аймақта 8 мыңнан астам адам мемлекеттік тілді үйреніп жүр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров