Көлік ұрлап олжалы болам деп құрыққа ілінді

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

Бейнеден кадр

Нұр-Сұлтанда иесіз тұрған көлікті айдап әкетіп, қала шетіне жасырған 25 жастағы жігіт ұсталып, үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ЭК қалалық Полиция депаратментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны "Ауди С-4" маркалы автокөлігінің жоғалғаны туралы полицияға шағым түсіріп, үйінің ауласынан белгісіз біреулер түнде көлігін ұрлап әкеткенін айтқан. Келтірілген шығын бір жарым миллион теңге көлемінде.

Полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті анықталды. Ол Сейфуллин көшесінің бойынан өтіп бара жатып, сол жердегі үйдің ауласынан есігі ашық тұрған көлікті көріп ойы өзгерген. Сөйтіп машинаға отырып, ішінен қосалқы кілттерін тауып алған. Кейін көлікті қаладан сыртқа айдап шығып, Ақмола облысы Қабанбай батыр кентінің маңында орналасқан орман алқабына тығып қойған. Ал көліктің аккумуляторын сатып пайда көрген.

Полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ұсталған күдіктінің үстінен ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров