Нұр-Сұлтандағы әлеуметтік үйдің сапасы сын көтермейді

Фархат ӘБІЛОВ

instagram.com / madi_akhmet

Нұр-Сұлтан қаласындағы 238 пәтерден тұратын әлеуметтік тұрғын үйдің құрылысы толық аяқталмаса да, қабырғаларына сызат түсіп, есік жақтаулары түсіп жатыр, деп жазады ЭК.

Осы жылы Нұр-Сұлтандағы 238 пәтерден тұратын тұрғын үй кезекте тұрғандар мен әлеуметтік осал топтағы тұрғындарға берілуі қажет. Алайда баспана сапасы Мәжіліс депутаттарының күмәнін тудырды.

instagram.com / madi_akhmetinstagram.com / madi_akhmet
instagram.com / madi_akhmet

"Жаңа салынған нысанның қабырғаларына сызат түскен, сылақтары құлап, есіктің жақтаулары түсіп жатыр. Егер еліміздің бас қаласында осылай болса, онда басқа аймақтарда не болғаны? Жоба наурыз айында аяқталғанымен, әлі күнге дейін елорда әкімдігінің балансына өтпеген", — дейді депутат Мәди Ахметов.

Аталған олқылықтар туралы Нұр-Сұлтан қаласының шенеуніктеріне тапсырма беріліп, құрылыс кезінде кеткен олқылықтар тұрғындар қоныс тойын тойлағанға дейін жойылуы қажет.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров