Депутат: "Жастар" сарайының жөндеу жұмыстары төңірегінде күмәнді сұрақ көп

Фархат ӘБІЛОВ

instagram.com / madi_akhmet

2,5 млрд теңгеге күрделі жөндеуден өтіп жатқан Нұр-Сұлтан қаласындағы “Жастар” сарайынан кемшіліктер анықталды, деп жазады ЭК.

Жастарды қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңес бастамасымен Парламент Мәжілісіндегі Nur Otan фракциясы депутаттары Нұр-Сұлтандағы "Жастар" сарайының күрделі жөндеу жұмыстарының барысын тексеріп, біршама олқылықтарды анықтады.

instagram.com / madi_akhmetinstagram.com / madi_akhmet
instagram.com / madi_akhmet

"Жастар" сарайының жөндеу жұмыстары төңірегінде күмәнді сұрақ көп. Біріншіден, құрылыс жұмыстары басталғаннан бері, жобаны аяқтау мерзімі үш рет кейінге шегерілген. Екіншіден, бас мердігер тарапынан немқұрайлылық бар. Себебі объектіде 150 жұмысшының орнына 50 адам ғана жұмыс істеп жатыр. Үшіншіден, құрылыс материалдарының сапасы төмен және нысанда қауіпсіздік техникасы мүлде сақталмаған", — деді Мәжіліс депутаты Мәди Ахмет.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің өкілдері депутаттың сұрағына мардымды жауап бере алмады.

Қала әкімі Алтай Көлгіновтың айтуынша, күрделі жөндеу жұмыстары аяқталғаннан соң, "Жастар" сарайында сурет галереялары, жастарға арналған коворкинг-орталықтар, перформансқа арналған аймақтар және т. б. орталықтар жұмыс істейтін болады.

Жастар" сарайы 47 жыл бұрын салынып, елорданың көрікті жерлерінің біріне айналған. Содан бері күрделі жөндеу көрмеген орталыққа, 2020 жылы қалалық әкімдіктен 2,5 млрд теңге қаржы бөлінді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров