Үш бірдей ұшақ соқтығысып қалды

Нұрболат АДЫРБЕК

twitter.com / Gujaratmitr

Үндістанның Ахмедабад әуежайында бірнеше ұшақ соқтығысып қалды, деп хабарлайды ЭК.

Dainik Bhaskar интернет-порталының жазуынша, апатқа қолайсыз ауа райы себеп болған. Қатты жел әуежайда тұрған Airbus A320-ның бүйірін бұрып жіберіпті. Ал ол барып басқа ұшақтың кабинасын қанатымен тесіп кете жаздаған.

Сонымен қатар, әуежайдағы Indigo Airlines және Go First лайнерлері де соқтығысқан. Бірақ оларға айтарлықтай залал келмеді.

Оқыс оқиға салдарынан әуе айлағының жабдықтарына, атап айтқанда, көлік жолдары мен біршама техникаларға зақым келді. Азаматтық авиацияның бас директоры Арун Кумар бұл оқиғаның тексеріліп жатқанын айтты.

Айта кетейік, оқиға кезінде желдің жылдамдығы секундына 25-30 метр болған.

twitter.com / Gujaratmitrtwitter.com / Gujaratmitr
twitter.com / Gujaratmitr

Оқиға болған штатта бірнеше күннен бері найзағай ойнап, қатты нөсер жауып тұр. Құлаған ағаштар мен басқан судан зардап шеккен аудандардың тұрғындары туралы да мәліметтер бар.

Айта кетейік, Үндістандағы осы муссон маусымы кезінде түрлі табиғи апаттар орын алып жатады.

Бұрынырақта ел астанасында тұрақта тұрған машинаны жер тартып кеткен оқиға да дәл осы муссон маусымы кезінде тіркелген болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров