"Ей" демегін, атым бар!" Депутаттар не үшін дауласты?

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

Бейнеден кадр

Ел мәселесін шешу үшін бас қосқан қырғыз депутаттары бір-бірінің сөзін көтере алмай дауласып қалды, деп хабарлайды ЭК.

24.kg сайтының хабарлауынша, Қырғызстан Жогорку Кенешіндегі салалық комитет отырысында депутаттар Ақыл Кемелов пен Нұрбек Мұрашев арасында болмашыдан ерегіс басталған. "Даудың басы — Дайрабайдың көк сиыры" демекші, бұған Ақыл Кемеловтің көсіле сөйлеуі түрткі болса керек. Депутат Министрлер кабинетінің төрағасы Ұлықбек Мариповтың жұмысын едәуір сынап тастады. Соған араша түскісі келді ме, депутат Нұрбек Мұрашев ұзын-сонар сынды тоқтатып, өзгелердің уақытын құрметтеуге шақырды. Сөзін бөлгенді ұнатпаған Кемелов өзіне де құрметпен қарауды талап етті.

Мен өзгелерді сыйлаймын, сондықтан үш сағат кезек күттім. Біреудің адвокаты болудың керегі жоқ,

деді Кемелов.

Ал ешкімге адвокат болу ойымда жоқ деген Мұрашев бәрібір тездету керектігін ескертті. Тіпті сөз арасында екі рет "ей" деп депутаттың әбден шамына тиды.

"Маған "ей" деме, атым бар", — деп ашуланған Кемелов жұдырықтасудан да тайынбады. Алайда әріптестері араша болды.

Бұл жанжалдың бәріне Ұлықбек Мариповті кінәлаған Кемелов келісімге келу келмеуі белгісіз. Бұл эмоцияның бәрі күттіруге мәжбүрлеген Мариповтың әрекетінен шыққандығын айтты.

Біз бен сіздің арамызда байланыс жоқ, пікір алмасу жоқ. Кешеден бері күтіп отырмыз. Өлімді күту өлімнен күшті. Бізді күттірмеңіз. Шақырғанымызда келіңіз,

деді Министрлер кабинетінің төрағасы Ұлықбек Мариповке.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров