Жапонияда аю әскери базаға шабуыл жасады

Бек ТӨЛЕУОВ

Бейнеден кадр

Жапонияның Саппоро қаласында аю әуежайға және әскери базаға кіріп 4 адамды жарақаттады, деп жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап ЭК хабарлайды.

Жергілікті тұрғындардан аю туралы алғашқы хабарлама полицияға 18 маусымда сағат 03:00 шамасында келіп түскен (Нұр-Сұлтан уақытымен 00:00 шамасында). Бес сағаттан кейін аю Окадама әуежайының жанынан көрінеді. Жыртқыш ұшу-қону жолағымен жүгіріп өтіп, содан кейін қоршаулардан шығып жасырынады. Қауіпсіздік мақсатында әуежайда барлық ұшу-қону тоқтатылды.

Шытырман оқиға мұнымен аяқталған жоқ. Ол әскери базаның аумағына өтіп, сонда тұрған сарбазды жарақаттап кетеді. Осыдан кейін жыртқыш қаладағы егде жастағы ер адам мен әйелге де шабуыл жасады.

Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Олардың алған жарақаттары қаншалықты ауыр екені хабарланған жоқ. Алдын ала ақпарат бойынша, аю төрт адамды жарақаттаған.

Аю жүрген аймақтағы мектептерде сабақ тоқтатылды. Полиция мен жергілікті аңшылар қоғамы оны іздеп жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров