Ақтөбеде 5 миллион теңгенің тауарын ұрлаған жүк тасушы ұсталды

Кәмшат ҚОПАЕВА

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Тауар тасымалдаумен айналысатын серіктестік қоймасынан қомақты қаржы тұратын зат ұрланған, деп хабарлайды ЭК.

Полицияға қаладағы серіктестіктің бірінің басшысы қоймадан құны 5 миллион теңгеден асатын 24 тауардың ұрланғанын айтып, шағым түсірді. Полиция қызметкерлері дереу іске кіріседі. Нәтижесінде қойманың 44 жастағы жүк тасушысын ұстады. Ол алтын бұйымдар мен компьютер, ұялы телефон құралдарын ұрлаған. Аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров