Павлодарда жасөспірім аттан құлап мерт болды

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

Pxhere

Павлодар ауруханасында бір күн бұрын Ақтоғай ауданының Балтасап ауылында аттан құлаған 13 жастағы жасөспірім қаза тапты.

Облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 маусымда сағат 02.15-те Павлодар қаласының полициясына қаладағы ауруханалардың бірінде жасөспірім қайтыс болды деген хабарлама келіп түскен.

"Полиция 15 маусымда сағат 12.30-да Ақтоғай ауданының Балтасап ауылында кәмелетке толмаған бала аттан құлағанын анықтады. Куәгерлер бар", — деп атап өтті ведомство.

Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бала алдымен облыстық ауруханаға жеткізілген, содан кейін дәрігерлердің көмегімен Павлодарға жіберген. Алайда аттан құлап ауыр зақым алған бала ауруханада қайтыс болды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров