Атырау облысының әкімі: "Орынбасарымның кінәсі дәлелденсе, отставкаға кетемін"

Фархат ӘБІЛОВ

Әкімдіктің баспасөз қызметі

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов бұрынғы орынбасары Нұрлан Таубаевтың кінәсі дәлелденсе, қызметінен кетуге дайын, деп жазады ЭК.

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрлан Таубаев 2020 жылдың қыркүйек айында Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы 200 кереуеттік аурухананы салып жатқан мердігер компаниядан 182 млн теңге пара алды деген күдікпен ұсталған. Желтоқсан айында қылмыстық істің тергеу амалдары аяқталып, наурыз айында сот отырысы басталды. Таубаев өз кінәсін толық мойындамайды.

"Мен де сіздердегі ақпаратты ғана білемін. Тергеу уақытында және сот процессі жүріп жатқан кезде ешқандай пікір білдіре алмаймын. Мемлекеттік қызмет заңы бойынша, егер саяси қызметкердің қол астындағы қызметкері жемқорлықпен ұсталып, кінәсі сотпен дәлелденсе, басшысы жұмыстан кету керек. Барлығы сияқты мен де осылай істеймін", — деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров