Атырауда бес айда 19,5 млн тонна мұнай өндірілді

Фархат ӘБІЛОВ

©ЭК/Алимжан БАРАНУГЛОВ

Жыл басынан бері Атырау облысында 19,5 млн тонна мұнай мен 10,2 млрд текше метр ілеспе мұнай газы өндірілді, деп жазады ЭК.

"Республика өнеркәсібіндегі Атыраудың үлесі 22,7%-ды құрайды. Өңірде 19,5 млн. тонна мұнай мен 10,2 млрд. текше метр ілеспе мұнай газы өндіріліп отыр. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 244,5 млрд. теңгені құрады. "АМӨЗ" ЖШС-і 2 095,9 мың тонна мұнай өнімдері өңделді", — деді Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Алайда жоғары көрсеткішке қарамастан, қыс айларында Атырау облысында автокөліктер сұйытылған газсыз қалғанын айта кеткен жөн.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров