ШҚО-да бір күнде екі адам суға кетті

Нұрболат АДЫРБЕК

ТЖД

18 мамырда облыстың екі ауданында ер адам мен жасөспірім суға кетіп өлді, деп хабарлайды ЭК.

Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында хабарлады.

Бірінші қайғылы оқиға Күршім ауданындағы Зайсан көлінде болған. 1995 жылы туған ер адам қайықтан суға құлап, жүзе алмағандықтан шыға алмай қалған.

ТЖДТЖД
ТЖД

Екінші жағдай облыстың Шемонайха ауданында болған. Куәгерлердің айтуынша 14 жастағы жасөспірім достарымен сол маңайдағы карьердің орнына жиналған суға түсуге барыпты. Ол суға 2 метрдей биіктіктен секіріп, қайта шыға алмай қалған. Жиналған судың тереңдігі 1,5-2 метрдей болған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров