Атырау облысында азық-түлік бағасы тұрақталады

Фархат ӘБІЛОВ

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтың айтуынша, облыста құны шарықтап кеткен азық-түлік өнімдерінің бағасы тұрақталады, деп хабарлайды ЭК.

Әкім сөзіне сенсек, мұнайлы мекенде картоп пен сәбіздің бағасы маусымаралық кезеңде шарықтап кеткен. Сол себепті жуық арады көкөніс бағасы бұрынғы қалпына келмек.

"Бағана реттеу мәселесін жіті қадағалап отырмыз. Оған 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды. Сауда желілерімен 500 млн теңгеге келісім-шарт жасалды. Яғни олар нарықтан 10-15 пайыз арзан сатады. 36 сауда нүктесінде сүт, ұн өнімдері, ет, нан, күнбағыс майы арзан бағамен саудалануда. Ал көкөніске келер болсақ, күзде тұрақтандыру қоры құрылған еді. Онда 260 тонна картоп болды. Сәуірге дейін тұрақтандыру қоры арқылы бағаны реттеуге ықпал еттік", — дейді Махамбет Досмұхамбетов.

Қазір Атырауға картоп оңтүстік өңірден және Ресейдің Астрахань қаласынан жеткізіліп жатыр.

Егер бір апта бұрын картоп бағасы 400 теңге болса, қазір ол 310теңгеден саудалануда. Сәбіз бағасы да төмендейді деп күтіп отырмыз. Өйткені жаңа шыққан өнім жеткізіледі,

дейді әкім

Сонымен қатар, облыс басшысы таяу уақытта жалпы азық-түлік бағасын тұрақтандыруға уәде берді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров