Нұр-Сұлтандағы Көктал-1 тұрғын үй алабының мәселесі қалай шешіледі?


instagram.com/altay_kulginov_officіal
Көктал-1 шағын ауданындағы су, жол, жарықтандыру мәселелері шешіледі, деп жазады ЭК.
Елорда тұрғын үй алаптарын аралап жүрген қала әкімі Алтай Көлгінов осындай мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, 300 мыңнан астам тұрғыны бар Көктал-1 елді-мекеніндегі жол салу, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, су тарту, кәріз салу, жарықтандыру және т. б. жұмыстар әрі қарай да жалғасып, көптеген коммуналдық мәселелер шешіледі.


"Өздеріңіз білетіндей, бізде 16 тұрғын алабында 300 мыңға жуық адам тұрады. Бұл — елорданың әрбір төртінші тұрғыны елді мекенде тұрады деген сөз. Көктал-1 елді мекені тұрғындарымен кездестім. Онда қордаланып қалған бірқатар мәселені шешу жұмыстарымен айналысып жатырмыз: жол салу, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, су тарту, кәріз салу, жарықтандыру және т. б. жұмыстар", —деді Алтай Көлгінов.
Айтуынша, тұрғындарымен кездесуде ең бірінші кезекте атқарылуы қажет жұмыстар туралы әңгімелесіп, пікір алмасқан.
"Тұрғындар жол, тротуар, скверлер, спорт алаңдарын салу және жарықтандыру секілді мәселелер туралы өз ойларымен бөлісті. Ұсыныстарды ескеріп, осы елді мекеннің алдағы даму жоспарына енгіземіз",


Қазіргі таңда Көктал-1 тұтастай газбен қамтамасыз етіліп, №40 мектеп-лицей аумағында екі ауысымда 1 мың орынды қамтитын тағы бір мектеп салынып, ауданы 15 га болатын саябақ салынған.