Елордалық үлескерлер ұзақ күткен пәтерлерін алатын болды

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

2021 жылдың соңына дейін Елорда әкімдігі 50-ден астам ұзақ мерзімді үйдің құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр. Бұл тағы 7 мың үлескерге кілт беруге мүмкіндік береді, деп хабарлайды ЭК Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

2019 жылдың жазында Елордада 52 түйткілді нысан болған еді. Сол жылы ұзаққа созылған 10 құрылыс орны аяқталған.

"2020 жылдың соңына дейін 14 нысандағы 20 үйдің мәселесі шешілді. 2723 үлескер пәтерлерінің кілтін алды. 2021 жылы әкімдіктің уәкілетті ұйымы "Елорда Құрылыс компаниясы" 18 нысандағы 57 үйдің құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр. Олар шамамен 7 мың үлескерге тиесілі", — деді "Елорда Құрылыс Компаниясы" ЖШС басқарушы директоры Мақсат Шаяхметов.

Қалған ұзақ мерзімді құрылыстың аяқталуы 2021-2023 жылдарға жоспарланған. Әрбір түйткілді нысан бойынша кешенді іс-қимыл жоспары құрылды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров