Алматыда құрылысы бітпеген тұрғын үй кешенінен өрт шықты

Экспресс К

Әлеуметтік желіден

Алматыда құрылысы толық бітпеген тоғыз қабатты «Драгон сити» тұрғын үй кешенінде өрт шықты, деп хабарлайды ЭК.

Алматы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, өрт 10.22-де тұтанған.

Кешеннің өзі емес, ішіндегі құрылыс материалдары өртенген. Өрт сөндіруші арнайы бөлімше жеткенше пластикалық құбырлар жанып бітіп, жалын өздігінен өшкен,

деп мәлімет берді ТЖД өкілдері.

Жаңа тұрғын үй кешенінде будақтаған қою қара түтін тұрғындардың назарына ілініп, бейнежазбалар әлеуметтік желілерде таралып жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров