Елде құрғақшылық болуы мүмкін

Фархат ӘБІЛОВ

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

"Қазгидромет" РМК болжамына сәйкес, осы айда еліміздің алты өңірінде құрғақшылық болады, деп хабарлайды ЭК.

Ылғалдану жағдайларының статистикалық болжамына сәйкес, маусымда еліміздің біраз аумағында ылғал жеткіліксіз болады деп күтіледі.

Ақмола (Жақсы ауданы), Ақтөбе (Әйтеке би, Хромтау аудандары), Шығыс Қазақстан (Бесқарағай ауданы) және Маңғыстау облысында (Қарақия ауданы) қатты құрғақшылық күтіледі.

"Төтенше жағдай Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында және Қостанай облысының Амангелді ауданында болуы мүмкін",

деп хабарлады "Қазгидромет" синоптиктері.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров