Атырау облысының әкімі: "Үйден тамақ ішпеймін"

Фархат ӘБІЛОВ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов азық-түлік туралы қойылған сұраққа үйден тамақ ішпейтінін айтып жауап берді, деп жазады ЭК.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысының әкіміне оның отбасы азық-түлікке қанша қаражат жұмсайтыны туралы сұрақ қойылып еді, әкім жауап бере алмады.

"Мен Атыраудың тұрғынымын. Бірақ балаларым мен немерелерім Нұр-Сұлтанда тұрады. Келіншегім кейде балалармен, кейде менімен болады. Мен үйде тамақ ішпеймін. Сондықтан менің шығындарымды басқа атыраулықтардың шығындарымен салыстыруға болмайды және менің тамаққа шығындарым бұл менің бүкіл отбасымның шығындары емес", — деді Досмұхамбетов.

Қазір Атырауда азық-түлік бағасы шарықтап жатыр. Сәбіздің бағасы 600 теңгеге жетсе, картоп бағасы 500 теңгеге дейін шарықтаған. Бұған наразы болған көпбалалы аналар осыдан екі күн бұрын облыс әкімдігінің алдына жиналып, азық-түлік пен киім бағасын төмендетуді талап еткен болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров