Президент: Бұл жаһандық эпидемиямен күрескен жерлестерімізге деген құрмет

Нұрболат АДЫРБЕК

ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күресте үлес қосқан Қазақстанның медицина қызметкерлеріне алғыс ретінде орнатылған "Алтын жүрек" мемориалының ашылу салтанатына қатысты, деп Ақорданың сайтына сілтеме жасап ЭК хабарлайды.

Президент салтанатты лентаны қиып, мемориалға гүл шоқтарын қойды. Содан кейін ашылу рәсіміне жиналған медицина қызметкерлерінің алдында сөз сөйледі.

ҚР Президентінің баспасөз қызметіҚР Президентінің баспасөз қызметі
ҚР Президентінің баспасөз қызметі

"Алтын жүрек" мемориалының ашылуы қазақстандықтардың қауіпті инфекция кезіндегі танытқан ынтымақтастығы мен біртұтастығын білдіреді"

деп атап өтті Мемлекет басшысы

ҚР Президентінің баспасөз қызметіҚР Президентінің баспасөз қызметі
ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Ол былтыр өткізілген "Біз біргеміз" жалпыұлттық онлайн форумының қорытындысы бойынша пандемия кезінде қайтыс болған дәрігерлерге арнап ескерткіш орнату туралы тапсырма берді.

ҚР Президентінің баспасөз қызметіҚР Президентінің баспасөз қызметі
ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Бұл жаһандық эпидемиямен күрескен жерлестерімізге деген құрмет. Ескерткіш қазіргі қиын уақытта ерлік көрсеткендердің барлығына деген ыстық ықыласымыздың символына айналуға арналған,

деп атап өтті Президент.

Ол барлық дәрігерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, "Алтын жүрек" монументі орналасқан саябаққа "Дәрігерлер аллеясы" деген атау беруді ұсынды. Және бұл кешен халықтың ақ халатты абзал жандарға деген алғыс белгісіне айналатынына сенім білдірді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров