Ермек Маржықпаев "Көбейтұзға бармаңыздар"

Фархат ӘБІЛОВ

ikmh.org

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев танымал Көбейтұз көліне бармауға шақырды, деп жазады ЭК.

"Өткен жылы Көбейтұздағы жағдай қоғамдық резонанс тудырды. Мемлекет басшысы да бұл мәселеге назар аударды. Бұл көл біздің өңірдегі ерекше орындардың бірі. Осы орайда көлді сақтап қалу үшін ол жерде адамдар қызмет етті. Сол аумақта санитарлық, суды қорғау аумағын жасадық. Сонымен қатар, Экология министрлігімен бірлесіп тиісті талдау жүргіздік. Ондағы су мен тұзда ауыр металдар көп екені анықталды. Сондықтан туристердің денсаулығы үшін аталған көлде болу қауіпсіз дей алмаймыз", — деді Маржықпаев.

Сол себепті көлдің сақталуын қамтамасыз ету үшін және тұрғындардың қауіпсіздігі үшін Ермек Маржықпаев тұрғындардан Көбейтұзға бармауды сұрады. Өткен аптада ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев та дәл осындай өтініш айтқан болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров