Атырауда заңсыз жұмыс істеп жүрген балалар ұсталды

Фархат ӘБІЛОВ

ПД баспасөз қызметі

Атырауда ешқандай келісім-шартсыз және заңсыз жұмыс істеп жүрген 10-ға жуық жасөспірім ұсталып, олардың ата-аналарына айыппұл салынды, деп жазады ЭК.

Атырауда 17-20 маусым аралығында балалар мен жасөспірімдердің құқығын қорғау мақсатында "Түнгі қаладағы балалар" жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның бірінші күні ювеналдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері білім беру ұйымының қызметкерлерімен бірлесіп профилактикалық және тізімдік есепке алынған жасөспірімдерді, қала аумағында орналасқан сауда орталықтарын, мейрамханалар мен көлік жуу орталықтарын, теміржол вокзалдарын тексерді.

Тексеріс кезінде қала аумағында орналасқан көлік жуу орталықтарының бірінен заңсыз жұмыс істеп жүрген 15-17 жас аралығындағы 3 жасөспірім және мейрамханаларда даяшы болып жұмыс істеп жүрген 7 жасөспірім анықталып, олардың ата-аналары жауапкершілікке тартылды.

"Қазіргі уақытта жинақталған іс-құжаттар Атырау облысы мемлекеттік еңбек инспекциясына жолдау үшін жинақталуда. Сондай-ақ түнгі сағат 23:00 кейін көшеде жүрген 18 жасөспірім анықталып, олардың ата-анасына қатысты ҚР ӘҚБтК 442-бабының 2-бөлімімен әкімшілік хаттамалар толтырылып, ескертулер берілді", — деп мәлімдеді Атырау облыстық Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров