Ялтада алты сағатта бір айлық мөлшердегі жауын жауған

Нұрболат АДЫРБЕК

© Reuters/Alexey PAVLISHAK

Қырымдағы курортты қалада өзендер арнасынан асып кеткен. Бас аяғы алты сағаттың ішінде бір айлық мөлшердегі жауын жауған, деп хабарлайды ЭК.

Ялтада толассыз жауған жауын қала қонақтары мен тұрғындарды әбігерге салуда. Қалада төтенше жағдай режимі жарияланды. Қала көшелері суға толып кеткен. Қиын жағдайда қалған тұрғындар эвакуацияланып, жылыту пункттеріне орналастырылуда.

© Reuters/Alexey PAVLISHAK© Reuters/Alexey PAVLISHAK
© Reuters/Alexey PAVLISHAK

Ялтаға кіреберіс жолдардың барлығы жабылды. Қала ішіндегі қоғамдық көліктер түгелдей тоқтауға мәжбүр болған. Көшелермен аққан ағын су, көліктермен мен адамдарды да ағызып әкетуде. Жергілікті билік туристерден таулар мен ормандарда жүруді және қайықпен серуендеуді тоқтатуды сұрады.

Соңғы мәліметтерге сұйенсек, көмекке әскерилер тартылған. Қара теңіз флоты қазірдің өзінде мобильді бөлімшелер құрып, ауыр техникалар мен жол талғамайтын машиналарын Ялтаға жөнелтуде. Олар, бірінші кезекте балаларды су басқан мектептерден шығаруға көмектеспек.

Қалада барлық құбырлар лай суға толғандықтан тұрғындарды сумен жабдықтау да тоқтатылып отыр. Оқыс оқиға салдарынан электр қуаты қосалқы станциялардан ажыратылуына байланысты ел билігі тұрғындарды суды үнемдеуге шақыруда. Құдай сақтап, адам өлімі туралы мәлімет тіркелген жоқ.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров