Еңбек ет те, алиментке ақша тап

Қайрат ЗАЙНИШЕВ

Әкімдіктің баспасөз қызметі

Шымкентте алиментке қарызы бар азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. 15 борышкер тұрақты жұмысқа жолдама алды, деп хабарлайды ЭК.

Жәрмеңкеде кәсіпорындар мен мекемелер 1500-ден астам жұмыс орындарын ұсынды. Нәтижесінде 47 борышкер жұмыс іздеуші ретінде тіркеліп, 15-сі тұрақты жұмысқа жолдама алды.

"Атап өту керек, борышкерлер ұсынған жұмыстан бас тартса немесе Халыққа қызмет ету орталықтарына келмесе, ол атқару құжаттың орындауынан жалтарған деп саналады және заңмен көзделген әкімшілік немесе қылмыстық іске тартуға негіз болып табылады", –деді Шымкент қаласы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы басшысының орынбасары А.Сартбаева.

Қазіргі таңда қалалық жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының мәліметі бойынша, Шымкент қаласында 10 311 алимент өндіру құжаттары тіркелген. Ал оның 500-ге жуығы проблемалық борышкерлер қатарында. Жыл басынан бері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес 131 борышкер әкімшілік жауапкершілікке, ал атқару құжаттарын талабын орындамаған 1 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Қарызы 6 млн. теңгеден асатын 1 борышкерге қатысты қылмыстық іс сотта қаралып жатса, алимент төлеуден жалтарып жүрген 4 борышкерге қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров