Есірткі сайттарын жарнамалаған бойжеткен қолға түсті

Болат МӘЖИТ

Pxhere

Қызылордада есірткі сайттарын жарнамалаған 20 жастағы қыз ұсталды, деп хабарлайды ЭК.

Polisia.kz медиа-порталының жазуынша, ол өзінің қылмыстық әрекетін көп қабатты үйлердің қабырғасына сурет салған болып байқатпай жүзеге асырған. Баллонды бояумен есірткі сайттарының электронды мекен-жайын жазып отырған. Бірақ сақшылардың қырағы көзінен құтылмады.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 299-1-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталады. Тексеру жұмыстары кезінде мұндай жазба бір жерде ғана емес, қаланың басқа шағынаудандарында бар екені анықталды. Полиция қызметкерлері есірткі сайттарын насихаттайтын 100-ден астам графитти жазбасын өшірді.

Жедел іздестіру шаралараның нәтижесінде қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 20 жастағы қызылордалық азаматша ұсталды. Ол жасаған қылмысын толық мойындады.

"Аталған азаматша өз жауабында әлеуметтік желілер арқылы тапқан курьерлік жұмысы үшін 70 мың теңге сыйақы алғанын мойындады" деп мәлімдеді Қызылорда облыстық полиция департаменті.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров