Оралда жол апатынан екі көліктің жүргізушісі мерт болды

Болат МӘЖИТ

ПД баспасөз өызметі

Оралда мотоцикл мен жеңіл машина соқтығысып, соның салдарынан екі көліктің жүргізушісі көз жұмды, деп хабарлайды ЭК.

Жол апаты туралы бейнежазба әлеуметтік желілерде тараған. Онда жеңіл көліктің ішінде жансыз жатқан жүргізушіні және быт-шыт болған мотоциклді, жерде домалаған шлемді байқауға болады. Жан түршіктірер видеоны "МГ" порталы көпшілікке көрсетпей, суретін ғана салғанын жазады.

"Мой город" порталының БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, қайғылы оқиға 18 маусымда сағат 15.00 шамасында Дерқұл ауылында болған.

"Мотоцикл мен "Volkswagen" автокөлігі соқтығысқан. Екі жүргізуші де қаза тапқан. Қазір полиция қызметкерлері оқиға болған жерде жұмыс істеуде" делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Оралда 15 маусымда да дәл осындай жол апаты тіркелген екен. Доспанова мен Неусыпов көшелерінің қиылысында мотоцикл мен "Шарана" маркалы жеңіл көлік жол апатын жасап, мотоцикл тізгіндеген 15 жастағы жасөспірім ауруханада көз жұмған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров