10 жасында қамыр илеп, кеспе кескен

Болат МӘЖИТ

Pixabay

Шымкентте тұратын 10 жасар қыз Ұлдана қалалық дәстүр сайысына қатысып, қамыр илеп, кеспе кесудің нағыз шебері атанды. Тіпті оған өзінен үлкендер де ілесе алмаған, деп хабарлайды ЭК Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Ұлдана қамырды жұмсақ илеп, оны тегіс және жұқа жайған. Кеспені де шаштай етіп кескен. Оқушы қыз жұмысты өте шапшаң, әрі сапалы орындаған.

10 жасар қыздың бойында ас әзірлеуге деген қызығушылықты аңғарған анасы оны бұл іске баулып отырған. Ұлдана Жамбыл өзінің қабілетін дәстүрлі тәрбие үйірмесінде жалғастырады. Екі айдың ішінде қамыр илеу мен кеспе кесудің шеберіне айналды.

"Қызым оқу озаты. Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады. Биші болуға да әуес. Тіл үйренуден де жалықпайды. Әпкесі Жанерке екеуі бірін бірі жетелеп, бірін бірі қамшылағаны мені қатты қуандырады. Өйткені үйірмелерге барса, уақыттан ұтылмайды. Қалта телефондарына телміріп қарауға мұршалары болмайды", — дейді анасы Дина Жұматова.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров