Эриксен ауруханадан шығып, үйіне қайтты

Болат МӘЖИТ

© Reuters/Hannah MCKAY

«Интер» мен Дания құрамасының жартылай қорғаушысы Кристиан Эриксен ауруханадан шықты. Бұл туралы Данияның Футбол федерециясы хабарлады, деп жазады ЭК

Ол ауруаханадан шыққан бойда командасындағы әріптестеріне жолығып, содан кейін үйіне қайтқан.

Бұдан бұрын Кристиан Эриксенге жүрек соғысын реттеп отыратын кардиовертер дефибрилляторы қойылған еді. Жасанды имплантант салу оперециясы сәтті өткен.

Естеріңізге салсақ, Еуро-2020 чемпионатындағы Финляндия мен Дания арасындағы кездесуде Эриксен ойын алаңында есінен танып қалған болатын. Оның жүрегі уақытша соқпай қалды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров