Жанкүйерлер клуб президентінің кетуін талап етті

Болат МӘЖИТ

Бейнеден кадр

Өз үйінде жеңіліс тапқан «Ордабасы» командасына жанкүйерлері ыза болып, клуб президентінің қызметінен кетуін талап етті, деп хабарлайды ЭК

Наразылық шарасы туралы видео әлеуметтік желіде тарады. Жарыс аяқталғаннан кейін Шымкент командасының жанкүйерлері "Ордабасы" футболшылары мінген автобустың алдын бөгеп тастады. Олар клуб президенті Бақтияр Байсейітов қызметінен кетсін деген талап қойды.

Естеріңізге салсақ, Қазақстан чемпионатының 16-турында "Ордабасы" мен "Ақтөбе" кездескен. Ойын аяқталар тұста Юрий Логвиненконың соққан голы есеп ашып, "Ақтөбе" командасы жеңіске жеткен болатын.

Видеода осы мәселеге қатысты ертең баспасөз конференциясы өтетіні айтылды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров