Қарағанды облысында карантин күшейтіледі

Фархат ӘБІЛОВ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Қарағанды облысының бірқатар елді мекендерінде карантин күшейеді, деп жазады ЭК.

Карантин Шахан, Новодолинский, Долинка кенттерінде эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты күшейтіледі.

Вирустың өсуіне жол бермеу мақсатында ойын-сауық орталықтары жабылып, сұлулық салондары мен фитнес-орталықтар қатаң тәртіппен жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар, қалааралық, облысішілік Қарағанды — Шахтинск — Қарағанды, Қарағанды — Шахан — Қарағанды бағыттарында жүретін автобустардың жұмысы тоқтатылады. Қаулы 21 маусым күні сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров