Атырауда тергеу изоляторына телефон кіргізбек болды


Атырауда тергеу изоляторында отырған туысына ыссы тамақтың ішіне ұялы телефон тығып, кіргізбек болған әйел ұсталды, деп жазады ЭК.
Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты УГ-157/1 мекемесіне әкелген сәлемдемелерді тексеру кезінде, шелекке салынған ыссы тамақтың ішінен "Samsung" ұялы телефоны табылды.
— Заңсыз сәлемдеме мекеде қарақшылық жасағаны үшін уақытша қамауды отырған 30 жастағы күдіктіге арналғаны анықталды. Осы факті бойынша іс-құжаттар жиналып, ҚР ӘҚБТК 481 бабы бойынша хаттама толтырылып, іс сотқа жіберілді,- деп хабарлады мекеменің күзет және режим бөлімінің бастығы Саламат Қанатов.