Атыраулық монополистке айыппұл салынды

Фархат ӘБІЛОВ

Әлеуметтік желіден

Атырау облысын жарықпен қамтамасыз етіп отырған «Атырау Жарық» акционерлік қоғамына 4 миллионнан астам айыппұл салынды, деп жазады ЭК.

Атырау облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті тұтынушының шағымына байланысты "Атырау Жарық" АҚ-на жоспардан тыс тексеру жүргізіп, кәсіпорынға 5 миллион теңгеге жуық айыппұл салды.

Департаменттің мәліметінше, электр желілеріне қосудың техникалық шарттарына қатысты шағым түскен. ҚР "Табиғи монополиялар туралы" Заңының 26-бабы 2-тармағының 4-тармақшасына сәйкес, монополист компания бұл үшін бос және қолжетімді қуаттар болмаған немесе қажетті желілер болмаған жағдайларды қоспағанда, тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділікті ұсынуға міндетті. Осы ерекшеліктер ескерілмеген көрінеді.

"Атырау Жарық" АҚ ҚР ӘҚБтК-нің 164-бабының 4-тармағы ("Табиғи монополия субъектісінің ҚР табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы") бойынша 4 667 200 мөлшерінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл 7 күн ішінде көрсетілген соманың 50% мөлшерінде азайтылған өндіріспен төленді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров