Аралда төтенше жағдай жарияланады

Фархат ӘБІЛОВ

Әлеуметтік желіден

Қызылорда облысы Арал ауданында қатты ыстық пен жауын-шашын мөлшерінің аз болуына байланысты қуаңшылық жағдайы қалыптасты. Осыған байланысты ауданда төтенше жағдай жарияланады, деп жазады ЭК.

"Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіхалықованың тапсырмасына сәйкес, қазіргі таңда Арал ауданында төтенше жағдай жариялауға байланысты құжаттар дайындалып жатыр. Осы режимнің енгізілуін негіздеу үшін қажет кейбір зерттеулерді аяқтау ғана қалады", — деді Арал ауданы әкімінің орынбасары Еркін Әбішев.

Арал ауданында құрғақшылықтан 500-ден астам мал қырылып қалған. Қазіргі таңда ауданға мал азығы жеткізіліп жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров