Министр Киевте жүрген сапары туралы желіде жариялады

Болат МӘЖИТ

facebook.com / bakhyt.sultanov

Еліміздің Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Украинадағы ресми сапары туралы Фейсбук парақшасында оқырмандарымен бөлісті, деп хабарлайды ЭК.

"Қазір Киевте жүрмін. Көптеген маңызды кездесулер өтті. Тең төраға ретінде экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық Қазақстан-Украина Комиссиясының 14-ші отырысына қатыстым. Коронавирус індетінің салдарынан соңғы бір жарым жыл ішінде екі ел арасындағы сауда айналымының көлемі 5,3 млрд АҚШ долларынан 768 млн АҚШ долларына дейін азайып кеткені рас. Бірақ біз ол шығынды 70 тауар позициясын Украинаға жеткізу арқылы экспортты 350 млн теңгеге арттыра аламыз", деді Бақыт Сұлтанов.

Сонымен қатар, министр машина жасау, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, ІТ индустрия және энергетика салаларындағы өзара байланыс екі жақты ынтымақтастыққа серпін беретінін атап өтті. Бірақ оған кедергі келтіретін тұстар да жоқ емес екенін айтты.

Киевте болған келіссөздер кезінде Украинаның хризотил асбестін өндірісте қолданудан бас тарту жоспарын талқыладық. Егер солай болған жағдайда "Қостанай минералдары" экспорттаушы компаниясы мол шығынға батуы әбден мүмкін,

дейді министр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров