Түркістандағы “Керуен-Сарай” туристік кешені сапасыз салынған ба?

Қайрат ЗАЙНИШЕВ

facebook.com / ChingizKZ

Желіде алып кешеннің құрылыс сапасына сын айтушылар көбейді, - деп хабарлайды ЭК.

Әлеуметтік желіде Шыңғыс Лепсібаев есімді азамат Түркістан қаласындағы "Керуен сарай" кешені құрылысының сапасыздығы туралы ақпарат таратты. Онда қоғам белсендісі жыл құрылысы атанған алып ғимараттың ортасы пенопластпен толтырылып, сырты арзан материалмен қапталғанын айтты.

Керуен сарай әкімшілігіКеруен сарай әкімшілігі
Керуен сарай әкімшілігі

Ал туристік кешен өкілдері қоғам белсендісінің бұл сөзінің бәрін теріске шығарды.

Керуен сарай әкімшілігіКеруен сарай әкімшілігі
Керуен сарай әкімшілігі

"Бұл сөздің баршасыда жалған. Жалпы кешен — инвестициялық жоба. Түркиялық компания жүргізген. Жоба құрылысы мемлекеттік сараптама арқылы бекітілген. Ғимарат арматуралық колоналармен және газоблок, бетон, монолиттермен тұрғызылған. Фотосуреттерде түсірілген қаптаманың құлаған бөлігіне келетін болсақ, оны электрокар соқты. Жалпы сәндік безендіруге пенопласт бүкіл әлемде кеңінен қолданылады", — дейді Абай Қарақұлов.

Биыл пайдалануға берілген "Керуен-Сарай" — Орталық Азиядағы аса ірі көпфункционалдық туристік кешен. Ол Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне қарама-қарсы "Әзірет Сұлтан" тарихи-мәдени қорық-мұражайының буферлік аймағында 20,5 гектар жерде орналасқан. Мұнда 4 мыңнан астам адам еңбекпен қамтылған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров