Роналду Instagram-да 300 миллион оқырман жинап, рекорд жасады

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

© Reuters/Alex PANTLING

«Ювентус» пен Португалияның шабуылшысы Криштиану Роналду Instagram-да 300 миллион оқырманы бар әлемдегі бірінші адам атанды, деп хабарлайды ЭК.

Ал инстаграмдағы оқырмандар саны жағынан 246 миллион досы бар актер Дуэйн Джонсон екінші орында болса, одан кейінгі орында 244 мың оқырманымен әнші Ариана тұр.

Роналдудың инстаграмдағы танымалдығы ең бірінші 2018 жылы басталған еді. Ол алғашында өзіне 144 миллион оқырманын қабылдады. Бұл көрсеткіш бойынша әнші Селена Гоместі басып озды. Биыл қаңтар айында да футболшыға рекордтық деңгейде 250 миллион оқырман тіркелді.

Роналду жақында Еуроматч алдындағы баспасөз мәслихатында демеушілікпен ұсынылған Coca-Cola бөтелкелерін үстелден алып тастап, сол арқылы көпшілікті тек жәй су ішуге шақырған еді. Футболшының бұл әрекеті бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде қызу тақыланды. Осындай үлгімен флешмоб түрін бастаған спортшының әрекетін Еуро-2020-ның тағы бірнеше қатысушысы жалғастырды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров