Ирандағы 130 қазақ отбасы Қазақcтанға қоныс аударуға ниет білдірген

Абылай МАУДАНОВ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Олардың арасында Қостанай өңірін таңдағандар да аз емес. Ирандағы қандастар елімізден қолдау күтеді, деп хабарлайды ЭК.

Ішкі көші-қон волонтері Нәзира Жәрімбетова шет елдегі қандастармен жиі хабарласып отырғанын айтады.

"Ирандағы қазақтар 3-4 жыл бұрын түп мекені Маңғыстау өңірін ғана таңдаса, енді Қазақстанның солтүстік облыстарына да көшкісі келетінін байқап отырмыз. Шет елдердегі қандастар ішінде түрлі мамандық игерген жастар жетерлік. Аймақта тапшы болып отырған малшы, механизатор, мұғалім, тағы басқа мамандарды Ираннан келген ағайындар толтырса нұр үстіне нұр болар еді. Біз оларға қолдау жасауға әзірміз", — дейді Нәзира.

Былтыр пандемияға байланысты көші-қон мәселесі қиындап, Қостанай облысына бар-жоғы 52 адам ғана келсе, биыл жыл басынан бері 70 адам тұрақты мекен-жай тапты. Қандастардың дені Өзбекстаннан. Ішінара Моңғолия мен Ресейден оралғандар да бар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров