Ауыл тұрғындары имамға наразылық білдіріп, тас жолды жауып тастады

Кәмшат ҚОПАЕВА

Бейнеден кадр

Батыс Қазақстан облысында бір топ ер адам ауылдың кіреберісіндегі көлік жолын жауып тастады, деп хабарлайды ЭК.

Mgorod.kz сайтының жазуынша, оқиға Сырым ауданындағы Жымпиты ауылында болған. Оның видеосын заңгер Абзал Құспан өзінің Фейсбуктегі парақшасында жариялады. Бейнежазба авторының айтуынша, бұл жағдайға Жымпитының бас имамы Бақытжан Құралбайұлы себепкер. Яғни наразы топ имамның ауыл тұрғындарының арасына іріткі салып жатқанын, сондықтан оның Жымпитыдан кетуін қалайтынын жеткізген.

Ал Сырым ауданы әкімдігінің өкілдері бұл жағдайға жаңа мешіттің ашылуына байланысты ескі мешіттің жабылуы себеп деп отыр.

"Дін өкілдері жаңа мешітттің құрылысы аяқталып, ашылғаннан кейін ескі мешітті әлеуметтік нысан ретінде ашу үшін жергілікті билікке беруге шешім шығарды. Алайда Жымпитының кейбір тұрғындары ескі мешіттің жабылуына қарсылық танытты. Мен және өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері олармен кездесіп, сөйлестік. Алайда кейбір тұрғындар сөзімізді тыңдамай, жол ережелерін бұзып, қозғалысқа кедергі келтіре бастады. Оларға осы жағдайды тағы да түсіндіріп, ақпарт берілді. Дін өкілдерімен келісе отырып, ескі мешіттің тұрғындарға қайта ашық болатыны айтылды. Осыдан кейін тұрғындар тарады", — дейді Сырым ауданы әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров