Ираннан 1,7 млрд теңгенің темекісін заңсыз әкелгендер сотталды

Фархат ӘБІЛОВ

Pxhere

Маңғыстау облысында Ираннан жеткізілген 1,7 млрд теңге тұратын контрабандалық темекі тәркіленіп, оны әкелген қылмыстық топ мүшелері сотталды, деп хабарлайды ЭК.

Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық қылмыстарды тергеу Департаменті Ираннан елімізге темекінің заңсыз тасымалдаған қылмыстық топ мүшелерін ұстаған еді. Қылмыстық топ ішінде — кеден саласының ірі шенеунігі де бар.

Тергеу барысында Ақтау қаласы "Морпорт" кеден бекеті басшысының қолдауымен Ираннан керамикалық плиткалар мен томат пастасы түрінде 30 контейнер келеді. Алайда контейнер ішіндегі плиткалар мен паста емес, темекі болып шығады.

Тәркіленген темекінің кедендік құны — 1,7 млрд-тан астам теңгені құрап, кедендік төлемдер мен салықтарды қосқанда, мемлекетке 4,8 млрд-тан астам теңге шығын келген.

Басты ұйымдастырушы 10 жылға және қылмыстық топтағы тағы үш адамның әрқайсысы 5 жылға сотталды.

Жыл сайын темекі өнімдерінің қара нарығына ондаған миллиард темекі тасымалданады. Мысалы, тек өткен жылы Қазақстанға 1,2 млрд астам теңгеге 7,9 млн астам темекі қорабы заңсыз тасымалданған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров