Қонақ үйді тонаған Түркия азаматы ұсталды

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

Pxhere

Нұр-Сұлтанда қонақ үйге ұрлыққа түскен Түркия азаматы ұсталып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ЭК Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Криминалдық полиция қызметкерлері оқиға орнынан 37 жастағы ер адамды ұстаған.

Елордадағы Құтпанов көшесіндегі қонақ үйдің жанынан өтіп бара жатқан күдікті ішке кіріп, қауіпсіздік қызметінің жағдайын толық бақылаған соң, жымысқы әрекетін іске асырған. Қонақ үй қызметкерлері көрінбеген соң дәліз бойымен жүріп демалыс бөлмесінде ешкімнің жоқтығын пайдаланып "Samsung" ұялы телефонын ұрлап кеткен. Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің қызметкерлері ұрының ізін суытпай ұстады. Күдікті Түркия азаматы екені анықталды. Енді оның ҚР аумағында жүруі заңды ма, жоқ па? Құзырлы органдар тарапынан тексерілуде және қылмыстық іс қозғалды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров