Швециялық медициналық кешен орнатылды

Фархат ӘБІЛОВ

ҚР Премьер-министрінің баспасөз-қызметі

Орталық Азиядағы алғашқы «Гамма-пышақ» ҚР Ұлттық нейрохирургия орталығында орнатылды, деп жазады ЭК

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Ұлттық нейрохирургия орталығында болып, Швецияда шығарылған заманауи "Гамма-пышақ" кешенімен танысты.

"Қазақстан ТМД аумағындағы үшінші елге және осындай жоғары технологиялық жабдығы бар Орталық Азиядағы бірінші елге айналды. Жалпы, әлемде 400-ге жуық "Гамма-пышақ" қондырғысы бар, олардың жартысы АҚШ пен Жапонияда орналасқан.

"Гамма-пышақ" — бұл бас миы ісіктерін, тамырлы және функционалды ауруларын емдеуге арналған радиохирургиялық қондырғы. Мұнда 192 кобальт-60 көздерінен радиоактивті сәулелену қолданылады, оның сәулелері патологиялық ошақ аймағында жиналып, біріктіріледі. Олар ісік жасушаларының ДНҚ-сын бұзады. Бұл ретте мидың сау тіндері мен науқастың бүкіл денесі сәулеленбейді. Операцияның өзі ауырсындырмай, бас сүйегін трепанациялаусыз жасалады. Операция бір реттік, яғни сәулелік терапия секілді бірнеше сатыда жүргізудің қажеті жоқ. Сондықтан бүгінгі таңда "Гамма- пышақ" — радиохирургиялық емдеудің "алтын стандарты", — деп хабарлады ҚР Премьер-министрінің баспасөз-қызметі.

Қазақстандықтар мұндай емді квота бойынша тегін ала алады. Бұған дейін пациенттерді қымбат емдеуге шет елдерге жіберуге тура келді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров