Атырауда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, үш адам қаза тапты

Фархат ӘБІЛОВ

instagram.com / atyrau

"Доссор-Құлсары" тас жолында автобус пен жеңіл авто көлік соқтығысынан, үш адам қаза тауып, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді.

Жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 16:00 шамасында болды. Автобус төңкеріліп қалса, жеңіл көліктің алдыңғы бөлігінің сау-тамтығы қалмаған.

Зардап шеккендер Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді. Қазіргі таңда ҚР ҚК 345 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды,- деп хабарлады Атырау облыстық Полиция Департаментінің баспасөз-қызметі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров