РФ Кемеров облысындағы ұшақ апаты туралы жаңа ақпарат пайда болды

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

© РИА Новости

Ресейдің Кемеров облысындағы ұшақ апатынан екі ұшқыш және екі нұсқаушы қаза тапты, деп хабарлайды ЭК "РИА Новостиге" сілтеме бере отырып.

Бұған дейін Кемеров облысы Промышленновский ауданындағы Журавлево ауылы маңына L-410 ұшағының апатты жағдайда қонғанын хабарлаған болатынбыз. Бортта барлығы 19 адам болған. Оның екеуі экипаж мүшесі, 17-сі жолаушы. Аймақ басшысының соңғы мәліметіне сәйкес, төртеуінің жағдайы өте ауыр, 11-і орташа ауыр жағдайда, тағы төрт адам оқиға орнында қаза тапқан.

Жарақат алғандар "Ленинск-Кузнецкийдегі" кеншілерге арналған сауықтыру орталығына жеткізілді. .

"Бес адам тікұшақпен Ленинск-Кузнецкийге, кеншілердің сауықтыру орталығына эвакуацияландырылды, әр түрлі дене жарақатын алған төрт адам жедел жәрдем бригадаларымен жедел түрде Ленинскіге жіберілді — деп мәлімдеді Кемеров облыстық, Апаттар медицинасы орталығының дәрігері Евгений Чернов.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров