Ақтөбеде табиғатты ластаған ірі компанияларға айыппұл салынды

Кәмшат ҚОПАЕВА

Әлеуметтік желіден

Ақтөбедегі ірі мұнай компаниялары мен өндіріс орындары қоршаған ортаны ластап жатыр,-деп хабарлайды ЭК.

Облыстағы мұнай-газ өндіретін компаниялар мен тау-кен, металлургия, химия және жылу энергетика өнеркәсібінің кәсіпорындары табиғатты неғұрлым көбірек ластайды. Олардың қатарында "СНПС Ақтөбемұнайгаз" АҚ, "ҚазақОйлАқтөбе" ЖШС, "Интергаз Орталық Азия Ақтөбе МГБ" АҚ, "ҚазхромТҰК" мекемелері бар. Биыл облыстық экология департаменті 24 мекемеге тексеру жүргізген. Экологиялық заңнама талаптарын бұзған кәсіпорындарға жалпы көлемі 15 миллион теңгеден асатын 42 әкімшілік айыппұл салынды. Оның 4 миллион теңгеден астамы, қазір қазынаға түсті. і.

Сондай-ақ биылғы жылдың бірінші жарты жылдығында "Фирма Ада ойл", "Қазақтүрікмұнай", "Казхром ТҰК" АҚ АФЗ филиалы, "Қазақойл Ақтөбе" ЖШС-ның жұмыстарына профилактикалық бақылау жүргізілген.

Өңірдегі ірі мұнай компаниялары да қоршаған ортаны айтарлықтай ластауда. Мұғалжар, Байғанин аудандарындағы "Әлібекмола" және "Қожасай" кен орындарында жұмыс жасайтын "Қазақойл Ақтөбе" ЖШС-ы, қоршаған ортаға рұқсатсыз зиянды заттар шығарған. Келтірілген шығын көлемі — 1 395 307 теңге. Ал көмірсутектерді барлау, өндіру және сатумен айналысатын "Қазақтүрікмұнай" ЖШС табиғатты қорғау заңнамасының талаптарын сақтамайтындықтан атмосфераға ластаушы заттарды нормативтен тыс шығарған кәсіпорындарға келтірілген зиянды өтеу туралы ұйғарым берілді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров