Ақмола облысында көп балалы ана өзіне қол жұмсамақ болды

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

Pixabay

Макинка станциясындағы жергілікті полиция бөлімшесіне теміржол маңындағы өтпелі көпірден бір әйелдің секірейін деп тұрғаны туралы хабарлама келіп түсті, -деп жазады ЭК ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Макинка бекетінің Көліктегі полиция қызметкерлері жедел түрде оқиға орнына келіп, әйелмен тілдесіп, райынан қайтарды.

"Біз стресс жағдайында тұрған адаммен жылы сөйлесу керектігін түсіндік және ол секіріп кеткен жағдайда қандай шара қабылдау керектігін де ойластырдық", — дейді полиция қызметкері.

Бөлімшеге әкелгесін әйел өз-өзіне келген. Оған алғашқы медициналық және моральдық-психологиялық көмек көрсетілді.

Белгілі болғандай, әйелдің кәмелетке толмаған төрт баласы бар екен. Өзі жұмыссыз. Қаржылық қиындықтарға тап болғанын айтқан әйел осы қадамға шарасыздықтан барғанын мойындады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров