Нұр-Сұлтан қаласында "жеңгетайлықпен" айналысқандар ұсталды

Кәмшат ҚОПАЕВА

Pxhere

Нұр -Сұлтан қаласында сауна мен массаж салондарының әкімшілері жеңгетайлықпен айналысқан,-деп жазады ЭК.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Полиция қызметкерлері "Қорғау" үкіметтік емес ұйымымен бірлесіп, қала аумағында "STOP трафик" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді. Үш күндік шараның нәтижесінде коммерциялық тұрғыда сексуалдық қызмет көрсететін 20 қыз және жеңгетайлықпен айналысқан адамдар анықталды. Олар есепке алынды.

Полицейлер"Ақжүніс" көшесіндегі коттедждің массаж салонының астында жұмыс істейтін сексжын-ойнақты тапты. Бұл жерде екі әкімші жеңгетайлықпен айналысқан. Массаж салонына жүргізілген рейд кезінде клиенттерден интим қызметтері үшін 60 мың теңге алған 23 жастағы қызды ұстады. Сондай-ақ клиенттеріне жеңіл жүрісті қыздар ұсынған 3 саунаның әкімшілері ұсталды. Олар әр қыздан 10-12 мың теңге ақша алған. Қазір қызмет көрсету орындарының әкімшілеріне қатысты іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Осы шара кезінде жезөкшелікпен айналысатындар мен жеңгетайларға үй-жайын берген 3 адам анықталды. Заңнаманы бұзған тұрғын үй иелеріне де әкімшілік іс қозғалды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров