Иранда сайлау жәшіктері салынған тікұшақ құлап, бір адам қаза тапты

Кәмшат ҚОПАЕВА

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Сайлау жәшіктерін тасымалдауға шыққан тікұшақ Иранның оңтүстік батысында құлады, -деп жазады ЭК.

Бұл туралы Риа Новости порталы хабарлады. Қайғылы оқиғадан бір адам қаза тауып, 11 адам жарақат алған.

еске ала кетсек, жұма күні Иранда президент сайлауы өтті. Алғашқыда дауыс беру түн ортасына дейін жоспарланған. Бірақ билік түнгі 2-ге (Нұр-Cұлтан уақыты бойынша 03-30) дейін рұқсат берген болатын. Алдын ала ресми мәліметтер бойынша, президенттік сайлауда Иранның сот билігінің басшысы Ибрахим Раиси бірінші болып отыр. . Қазіргі уақытта ол 62 пайыздан астам дауыс жинап үлгерген. Бұл бүкіл дауыс берушілердің, шамамен 48-50 пайызы.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров