Абайлаңыз, тоқ соғады!

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

facebook.com / ukulyay.bestayeva

Бүгін Алматыдағы орталық цирк алдында оқыс оқиға болды. Осы жердегі фонтан жанында ойнап жүрген балаларды тоқ соқты.

Бұл туралы Үкілай Бестай деген қала тұрғыны өзінің Facebook парақшасына жариялады — деп хабарлайды ЭК.

— Балаларыммен балмұздақ жеп, демалып отырғанбыз. Бір уақытта кішкентай 2 қыз аяқ киімдерін шешіп, аяқтарын суға салмақшы болды. Сол қас-қағым сәтте екі қыздың фонтан ортасындағы темірге қалай жабысып қалғанын байқамай қалдық. Қыздарға көмекке барған анасы да жабысып қалды. Дыбыстары шықпай, серейіп қалғандарынан ток ұрғанын ұқтым — деді ол өз жазбасында.

Осы кезде жанындағы адамдардан жәрдем сұраған әйелге көмектесуге ешкімнің жүрегі дауаламапты. Тек бір жас жігіт қана тәуекел етіп оларды кезекпен судан шығарып алған. Жігіт өзін де тоқ соғып, әлсірегеніне қарамастан үшеуін де құтқарған.

Судан шыққан соң екі қыз тез есін жиды. Ал әйел мен үшінші қыздың хәлі ауыр болған соң жедел — жәрдем шақырған. Алайда тілшімізбен телефон арқылы сөйлескен Үкілай Бестайдың айтуынша жедел -жәрдем біраз уақыт кешеуілдетіп келіпті.

Қазіргі уақытта тоқ соққан 30 -дар шамасындағы әйел мен бір қыз бала ауруханаға жеткізілді. Ал оларды құтқарған жігіттің есімі Абылай екенін ғана білген әйел, осындай жастардың батырлығы елеусіз қалмау керек екенін айтты.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров