Шөкеев: "Блогер жоқ жерден хайп жасады"

Фархат ӘБІЛОВ

facebook.com/ChingizKZ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев атақты "Керуен Сарай" кешенінің неден салынғанын айтып, тіпті атышулы бейнежазбаны түсіріп таратқан блогерді сынап тастады, деп жазады ЭК.

"Ол жерде күн сайын жүрдім. Ол темір-бетоннан, арматурадан салынған. Бұл жерде барлығы да өңірде сейсмикалық қауіп төмен болғандығына қарамастан үлкен сақтықпен жоспарланған. Әрине, әртүрлі ішкі материалдар, қабырға материалдары қолданылған. Келушілердің бірі сол материалды байқап қалып, бүкіл Керуен сарай сонымен салынған деп ойлапты. Бұл қарапайым материал. Егер ол құрылыстан хабары болса мұндай жазбайтын еді. Жалпы, Sembol әлемдік компания саналады. Ол өзінің абыройын қатты бағалайды. Олар мұндай жайт үшін абыройларына келген нұқсанға байланысты жауапқа да тартуы мүмкін", — деді Өмірзақ Шөкеев.

Шөкеевтің айтуынша, пенопласт барлық құрылыс кезінде жиі қолданылатын материал. Бағасы арзан болғанымен, барлық құрылысқа қолдануға болады.

"Ол өте арзан әрі тиімді. Жалпы, қазіргі әлемде барлығы платмассадан жасалады. Мына үстел, қаламсап, микрофон пластмассадан жасалған. Сондықтан меніңше, жоқ жерден түсініксіз хайп жасап отыр. Мұндай жайтты айтқан кезде жауапкершіліктің де болғаны дұрыс-ау. Өйткені, біз туристерді тартқымыз келеді. Шетелдік инвесторлардың қаражатын тартуға ұмтыламыз", — Шөкеев.

Еске сала кетсек, осыған дейін әлеуметтік желілер де "Керуен Сарай" кешенінің қабырғасының сөгіліп, пенопласт көрініп жатқан бейнежазбасы тарап, қоғамның қызу талқысына түскен болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров