Түркістанды жаңғыртуға 445 млрд теңге кетті — әкім

Фархат ӘБІЛОВ

©ЭК/Ирина ГАЛУШКО

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қала құрылысына 445 млрд теңге қаржы жұмсалғанын айтты, деп жазады ЭК.

"Түркістанды арнайы қаржыландыруға қатысты аңыз өте көп. Толықтай алғанда, біз аяқтағалы отырған бірінші кезеңге 445 млрд теңге жұмсалды. Оның жартысы жеке инвестиция, ал қалған бөлігі — бюджет қаражаты. Бюджет қаражатының барлығы "Нұрлы жер", "Нұрлы жол", "Ауыл — ел бесігі" мемлекеттік бағдарламалары аясында бөлінді. Яғни, барлығы да халық санына сай республикалық бюджеттен теңгерімді бөлу нормативтеріне, қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар аясында болды. Әрине, Президенттің, Үкіметтің тапсырмасымен жүзеге асырылатын жекелеген жобалар да бар", — деді Өмірзақ Шөкеев

©ЭК/Ирина ГАЛУШКО©ЭК/Ирина ГАЛУШКО
©ЭК/Ирина ГАЛУШКО

2025 жылға қарай Түркістанға саяхаттап келушілердің саны жылына 2,5 млн адамға жетеді деп жопарланып отырғанын айта кету керек. Қазірдің өзінде күніне 8 мыңға жуық адам келеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров