Испанияда анасын өлтіріп, кейін етін жеген ер адам сотталды

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

edition.cnn

Мадридте анасын өлтіріп, содан кейін оның денесін бөлшектеп жеген ер адам айыпталды. Осынша қатыгездікке қарамастан, оған 15 жыл, 5 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды — деп жазды Мадридтің провинциялық соты CNN-ге.

Альберто Санчес Гомес есімді испандық жігіт 2019 жылдың басында анасын өлтіріп, денесін бөлшектеп, 15 күн бойы етін жеген.

Кейбір мәліметтер бойынша, бұл сұмдық жағдай екеуара жанжалдан кейін болған. Ол анасын ара мен пышақпен азаптап өлтірген. Тергеу барысында полиция мұздатқыштан дененің кейбір бөліктерін тапқан.

15 жылға сотталған 28 жастағы жігіт сондай-ақ бауырына психологиялық жазым келтіргені үшін 60 000 еуро (шамамен 73 000 доллар) төлеуі керек.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров